Баланың электронды күнделігін қағаз журналға қарағанда, қазақстандықтар 2 есе көп рет тексереді
14 наурыз 2019

«Kүнделік» платформасының әзірлеушілері, Қазақстанның әр түрлі аймақтардың 24 мың ата-аналардың қатысуымен кең ауқымды зерттеу өткізді. Байқауымыз бойынша, пайдаланушылардың 43% электронды күнделіктерді жиі қолданады, тағы 38% сандық та, қағаз нұсқасын да қарап отыратынын хабарлады, ал қалған 19% классикалық нұсқаны таңдады.

Электронды күнделік қағаз күнделікке қарағанда немен ыңғайлы деген сұраққа 93% респонденттердің саны, Kundelik.kz арқылы, кез келген уақытта және кез келген жерде баланың нақты сабақ кестесін, бағаларын, тапсырмаларын және сабаққа қатысу туралы ақпаратты көре алатынын белгіледі.

Роза Дайырбекова, КММ Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі, Шамалған бекеті, Алматы облысы: «Балаларымның үлгерімін әрқашан кадағалауда ұстау, қалаған уақытымда бағаларын, әрі СОР мен СОЧ тапсырып жаткан жиынтығынын қорытындысын көре алу, балаларымның білім деңгей шкаласын көре алуыма және уақытымды үнемді пайдалануыма мүмкіндіктер туындады деп толық айта аламын!».*

Адам Горчханов, лицей №62, Астана қаласы: «Егер бала тапсырманы жазбаса, берген тапсырмаларды және бағаларды сайттан ашып көру ыңғайлы».*

57% ата-аналарының пікірі бойынша, электронды күнделіктің пайда болуы, баланың мектепте айналысатыны туралы хабардарлығы артты, ал 27% балалар көрсетпеген, күтпеген бағалардан таңғалмайды. Оған қоса, респонденттердің 17%, балаларының оқуға көбірек ұмтылатынын байқады.

Ирина Абедовская, Вагулин орта мектебі, Солтүстік-Қазақстан облысы: «Үйден шықпай, балалардың мектептегі өмірін қадағалау ыңғайлы».*

Жібек Джунисова, А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия, Жамбыл облысы: «Көбінесе «Күнделік» арқылы қызымның бағаларын көре аламын және мектеп жаңалықтарын оқимын».*

Оқас Нұрмаман Төкенұлы, №3 Кеген орта мектебі, Алматы облысы: «Балалар сабағын жақсы оқитын болды».

Оң өзгерістердің арасында, қазақстандықтар сабақтағы түсініктемелер және қызықтыратын мәселесі бойынша кез-келген мұғалімге онлайн түрінде қою мүмкіндігі бар болғанын байқады.

Дидар Смагулова, ҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы, К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі, Шығыс-Қазақстан облысы: «Өте ыңғайлы және қолайлы балаларым туралы әр пән мұғалімімен жеке жеке хабарламалар арқылы сөйлесіп біле аламын».*

Kundelik.kz сайтының ыңғайлығын тұтастай алғанда респонденттердің 82% бағалады. Қалғандарында негізгі қиындықтар навигациямен байланысты және бөлімдер арасындағы көшумен болады, көбінесе ғаламтор желісінің нашар жалғаудың натижесінде пайда болады. Оған қоса электронды күнделікті табысты пайдалануға көбінесе кедергі келтіретін мәселе, кейбір мұғалімдердің ақпаратты уақытылы емес енгізгені.

Жайнара Бирманова, Ақтобе облысы, №2 Хромтау гимназиясы: «Көбінесе ғаламтор желісі нашар болғандықтан, бірнеше уақыттың ішінде жүйеге кіру қиын».* 

Алматы қаласындағы бір ата-ананың сөзінен: «Бізде көптеген мұғалімдер электронды журналды толтырмайды, әсіресе жоғарғы сыныптарда».

Дегенмен 90% респонденттер атап өткендей, мектеп мұғалімдері электронды журналға бағаларды және үй тапсырмаларды жедел қояды – 1-2 тәуліктің ішінде.

Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың жартысынан көбі, электронды күнделікті күн сайын тексереді, 27% – 2-3 күннің ішінде бір рет, 15% – аптасына бір рет. Негізінде, олар web-нұсқа арқылы пайдаланады. Сауалнамаға қатысқандардың 25% қосымша сервистерді (мобильді қосымшасы және «Кунделiк.Analytics» қосымшаны) пайдаланады. Негізінен, бұл ата-аналар оқу үлгерімі және баланың рейтингі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі алуға, оған қоса, мобильді сервистерді пайдаланып үйренгендер.

Айта кетейік, сауалнамаға қатысқан белсенді мекендер: Алматы және Алматы облысының, Астана, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Батыс-Қазақстан және Қостанай облыстардың тұрғындары.

 

* Мәтінде пайдаланылған цитаталардың көрсетілген жеке авторлар туралы мәліметтер олардың сауалнамалық деректеріне сәйкес ұсынылған ақпаратында алынған.