Сауалнама: электронды журналдың арқасында мұғалімдердің 70% есептерге аз уақыт үнемдейтін болды
17 сәуір 2019

«Күнделік» электронды жүйесімен жұмыс істейтін, 14 мың мұғалімдер арасындағы өткен сауалнаманың нәтижелері бойынша, 70% – ы электронды жүйені енгізгеніне оң қарайды.

Сол респонденттердің (70%) ойы бойынша «Күнделік» жүйесі оларды есептерді дайындаудан босатты, себебі жүйе оларды автоматты түрде құрастырады, тұтастай алғанда оларға журналды толтыру оңай болды.

Рахымжан Алманбетов, Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназия, Жамбыл облысы: «Kundelik.kz жұмыстың үлкен көлемін жеңілдетеді, қағазбастылықты кішірейтеді – жеңіл әрі оңай. Егер оны жөнді түсініп, жақсы үйренсе, осыдан жақсы жүйе жоқ».

Жұлдызай Меирбекова, №1 Қосшы орта мектебі, Ақмола облысы:  «Кейде бағаларды қателесіп қоюымыз мүмкін, мұнда оларды өңдеу өте оңай».

Респонденттердің жартысы қосымша атап өтті, сабақ кестетін қарау және енгізілген өзгерістерді онлайн түрінде бақылау, ал мұғалімдердің 40%, «қағаздарды» толтырудың орнына оқу үдерісіне уақытты көбірек бөлетінін айтты.

Мира Тойымбетова, Қостанай облысы, "Рудный қаласы Әкімдігінің №19 орта мектебі": «Қазір, автоматтандыру және жаңа технологияларға қарап, түсінеміз, электронды журналды толтыру әлдеқайда оңай, және де, кез келген жерде ноутбук арқылы ашып толтыруға болады».

Шынар Бұсұрман, №71 мектеп-лицейі, Нұр-Сұлтан қаласы: «Күнделік» өте ыңғайлы, себебі әрдайым қол астында және мен уақытылы ақпаратты ата-аналарға жеткізе аламын».

Zibagul Bisenalina, Ембі қалалық N4 Жалпы Білім Беретін орта мектебі, Ақтөбе облысы: «Күнтізбелік жоспарлауды көшіріп, берілген сабақ тақырыбына және сабақ мақсатына қосымша ақпаратты қосуға болады».

Мұғалімдердің 40% маңызды, электронды күнделіктің ішінде оқушыларда әрдайым үй тапсырмасы жазылған, оған қосымша файлдарды жалғауға болады, оған қоса, жүйеге бекітілген мессенджер арқылы ата-аналарға жеке хабарламаларды жазуға болады.

Лариса Мостовщикова, КММ "Орта ББМ №1", Батыс-Қазақстан облысы: «Электронды журналдың үлкен мүмкіндіктері бар, әсірісе қағаз журналдарға қарағанда, ата-аналар мен балалармен өзара іс-қимыл барысында өте ыңғайлы».

Респонденттердің 75% қағаз журналынан толық немесе ішінара бас тартқанын растады. Сұралғандардың бестен бір бөлігі, олардың білім беру ұйымы көшу процесінде болғанын атап өтті. 5% - ы ғана «қағазға» өтуді әлі жоспарлап тұрған жоқ. Басты себептерінің бірі – мектептің материалдық-техникалық жарақтандыруы.

Гулим Курманбаева, Қылышев атындағы орта мектеп, Батыс-Қазақстан облысы: «Ғаламтор тұрақсыз болып келеді, бір әрекет үшін бірнеше рет жасау қажет».

Инкар Мырзамухамедкызы, КГУ "Леснопристан орта мектебі", Шығыс-Қазақстан облысы: «Біздің мектеп ауылдық жерде орналасқан, яғни ғаламторды қолдайтын компьютерлер мен гаджеттер жоқ».

Мұндай жағдай, шынында да, кейбір шалғайдағы елді мекендерде әлі байқалады. Алайда, мектептерді қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтау арқасында істер біртіндеп өзгереді. Зерттеу көрсеткендей, сұралғандардың жартысынан көбі электрондық журналға бағалар және тапсырмаларды күнбе-күн енгізеді, ал 34% сабақ өткізілген сәттен бастап 24 сағат ішінде толтыратынын куәландырады, яғни, толтыру үшін қажетті мүмкіндіктері бар болғанын куәландырады. Көбінесе мұғалімдер (48%) журналын мектебінде толтырады, содай-ақ үйде толтыратын мұғалімдер 38%.

Сауалнама Қазақстанның барлық аумақтардың тұрғындар арасында өтті. Ең белсенді қатысқан мұғалімдер: Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстардың тұрғындары.

*Тағы 19% жауап беруге қиналды және 11% теріс баға берді.

** Мәтінде пайдаланылған цитаталардың көрсетілген жеке авторлар туралы мәліметтер олардың сауалнамалық деректеріне сәйкес ұсынылған ақпаратында алынған.