Жиынтық бағалау, push-хабарламалар, мектеп жаңалықтары – «Күнделік.Мектеп» мобильді қосымшасы қалай жақсарды?
23 қыркүйек 2019

Біз, ата-аналар мен оқушыларға арналған «Күнделік.Мектеп» мобильді қосымшаның ауқымды жаңартуын өткіздік. Біздің команда, сіздің алдыңғы нұсқа бойынша қалдырған барлық ескертулеріңізді ескере отырып, жаңа нұсқаны бұрын болмағандай ақылды, тез және пайдалы түрде жасады! App Store немесе Google Play арқылы қосымшаны жүктеп, жаңа мүмкіндіктермен танысуға болады.

Бағалардың барлық түрлері мобильді қосымшада

Енді талдау өткізген кезде қосымша тек қана классикалық емес, формативті бағалауды да ескереді. Бұл формативті белгілер мен мұғалімдердің пікірлері, БЖБ және ТЖБ баллдары, тоқсандық және қорытынды бағалар.

Сайттың қосымшасы ретінде жеңіл нұсқа

Мобильді қосымшада 2 нұсқа бар. Бірінші – бұл Light-нұсқасы, ол сайттағы ақпаратты толықтырады. Оның ішінде сабақ кестесінің және үй тапсырмаларының орындау прогрессінің қадағалауы, маңызды жұмыстар туралы ескертулер және мектептің хабарландырулары мен жаңа бағалар туралы push-хабарламалар. Мектептің хабарландыруларын тек қана қарап шығуға емес, пікірлерді қалдыруға да болады.

«Бұл ақпарат, баланың мектеп өміріндегі соңғы жаңалықтар туралы хабардар болуға жеткілікті. Мысалы, сіздің ұялы телефоныңызға алған нашар баға немесе қанағаттанарлықсыз ауызша белгі туралы хабарлама келді. Бұл пайдалы кеңес, оның арқасында сіз сайтқа кіру арқылы, толық ақпаратты алып, бұл бағаны уақытылы түзету туралы ойланасыз.» - деп, Күнделіктің бас директоры Мұхтар Ильясов атап өтті.

Барлық күнделік ұялы телефонда

Kundelik.kz сайтына бармай, ұялы телефоныңызға қосымшаның PRO-нұсқасы мобильді форматына толық бейімделген электронды күнделікті пайдалануға мүмкіндік береді. Кез келген оқу кезеңі бойынша үлгерім туралы ақпарат, пән және жұмыс типі, орташа балл және оның апта бойынша өзгерістер, ғылым салалары бойынша топтастырылған, әр түрлі пәндер бойынша прогрессті көруге арналған есептер, және үй тапсырмалар әрқашан қол астында.

Кеңейтілген ҮТ

Енді үй тапсырмаларды қосымшадан көшіруге болады – экрандағы «Сабақтың сипаттамасы» бетінде ол үшін арнаулы батырма қосылды. Сонымен қатар, үй тапсырмасын орындай отырып, оның дайындығы туралы белгіні қоюға болады.

Осының барлығы айына 224 теңге, жылдық жазылымды рәсімдеген жағдайда. Айтпақшы, егер сіз қосымшаны әлі пайдаланбасаңыз, Light-нұсқасын ғана емес, PRO-нұсқасының мүмкіндіктерін бағалай аласыз – ол үшін 30-күндік сынақ кезеңі қарастырылған.